10:05, 20 Шілде, 2018
1,083 просмотров

KOKJAILAU CHALLENGE: БАҒДАРЛАМАШЫЛАР КОМАНДАЛАРЫ ӘРМЕЗГІЛДІК ТАУ КУРОРТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ҮШІН SMART-ШЕШІМ ОЙЛАП ТАПТЫ

17 шілде күні, Алматыда Kokjailau Challenge Хакатонының қорытынды кезеңі өтті. Мұнда құрастырушылар мен стартап командалары болашақ тау курортының туризмдік әлеуеті мен экологиясын жақсартуға арналған сандық құралдардың презентациясын өткізді. Курорттың құрастырушылары мен Almaty Travel Lab және VisitAlmaty орталықтарының жетекшілерінен құралған қазылар үздік жұмыстарды анықтады. Қатысушылар Visit Almaty орталығымен бірлесіп өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, ал бас жүлде ретінде трэвел-индустриясының заманауи смарт-технологияларын зерделеу мақсатында Сингапурға жолдама беріледі.

KOKJAILAU CHALLENGE маңызды тақырыптарының бірі – экология мәселесі, нақтырақ айтқанда, онлайн-режимде тау курортында қоршаған орта мен ауа сапасын қадағалауға арналған заманауи құралдарды дайындау, ресурстарды тиімді тұтынуға мүмкіндік беретін smart-сервистер, сонымен қатар курорттың флорасы мен фаунасы, маршруттар, экологиялық тәртіп және көптеген өзге де жайттар туралы келушілердің білімін арттыруға бағытталған шаралар болды. Осыған қарамастан, жас ғалымдар мен кәсіпкерлерден құралған 26 команда SmartGEО технологиясы негізінде электронды құтқару құралдарынан бастап онлайн-ойындарға дейінгі, бюджеттік кіріс шамалар негізіндегі дайын туристік ұсыныстарды ұсынатын инновациялық туристік бандлдардан бастап, курорт аясында білім беру бастамаларына дейінгі әртүрлі бастамаларды ұсынды.

– Заманауи технологиялар мен смарт-шешімдердің креативті ортасында өмір сүретін жас кәсіпкерлерді, жас ғалымдарды, стартаперлерді бүгінгі таңдағы нақты ірі инфрақұрылымдық жобалармен жұмыс істеуге жұмылдыру өте маңызды, – деп мәлімдеді Almaty Travel Lab жетекшісі Рашид Дюсембаев, – құрастыру процесіне жаңа буын өкілдері ретінде олардың идеяларын, олардың көзқарасын енгізу, олардың пікірін ескеру – болашаққа бағытталған тәсіл. Осы тәсіл ғана келешектегі тұрақты әрі бәсекелі дамуды қамтамасыз ете алады.

– Біз, курорттың құрастырушылары және оның қандай болатынына жауапты компания ретінде жобаға туризм, экология, құрылыс, ойын-сауық және өзге де көптеген салаларда маманданған жас, талантты әрі конструктивті ниеттенген адамдарды тартуға мүдделіміз, – дейді қазылар алқасының төрағасы, Almaty Mountain Resorts бас директоры Наиль Нұров. – Біз идеялар мен инновацияларды қарастыруға дайынбыз, сондықтан біз талантты жастардың жобаға өз үлестерін қосуына мүмкіндік беріп, бүгін өздерінің ұсыныстарын таныстырған барлық адамдармен ынтымақтастықты одан әрі дамытатын боламыз. Біздің болашақта да осындай смарт-алаңдардағы креативті жұмыстарды қолдауға ниетіміз бар – себебі бұл миллениалдар буынының курорттан нені үміт ететіндігін түсіндіретін маңызды құралдардың бірі болып табылады.

Хакатонның жеңімпазы деп Geek Parthners компаниясының «Smart Kokjailau» экологиялық жобасы танылды, осыған орай, оны құрастырушылар туризм саласындағы инновацияларды зерттеу үшін Сингапурға аттанатын болады. Ақшалай жүлделер ұсынылған екінші және үшінші орындарды қауіпсіздік саласындағы SAGE жобасы мен Journey жобасы (виртуалды шынайылық гиді) иеленді. Хакатонның ұйымдастырушылары мен «Көкжайлау» ТШК құрастырушылары курорттың сұхбаттық онлайн-алаңында бүгінгі Хакатонда таныстырылған бірқатар жобаны қоғамдық тұрғыдан талқылауды одан әрі жалғастыруға уәде берді.

Өткен Хакатон сандық құралдар арқылы туризмдік әлеуетті дамытуға бағытталған бес Хакатоннан тұратын Almaty Travel Lab сериясындағы бесінші шара болып табылады. Аталған жоба қаланың VisitAlmaty ресми туристік ақпараттық орталығының, «Арман аймағы» қоғамдық қорының және мегаполистің Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Хакатон – ағылшын тіліндегі hack және marathon сөздерінің туындысын білдіретін, қатысушы командалардың 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейінгі жолды өтуін талап ететін ерекше зияткерлік марафон. Соңғы жылдары хакатондар тек бағдарламашылар үшін ғана емес, сондай-ақ дизайнерлер, маркетологтар мен өзге де бейінді мамандар үшін де қолданылуда.